Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Жеке тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қызмет құны
10 АЕК, 36920 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
20 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
- Қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткеніне және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанына лицензия алғандығын білдіретін құжаттардың электрондық көшірмелері және (немесе) қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбір курсы бойынша сексен пайыздан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы немесе «Актуарий» мамандығының «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрінің дипломының электрондық көшірмесі
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары үшін - осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі және актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарында мүшелігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
- Өтініш берушінің лицензия алуға қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса). Осы қаулыға 1-қосымшада көзделген актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасының мазмұнына енгізілген бөлімдердің ең төменгі тізбесін жабатын емтихандар халықаралық емтихандар болып танылады
- Қаржы ұйымдарында, уәкілетті органда актуарлық зерттеулер және (немесе) актуарлық есептер жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесі
- Жоғары білім туралы дипломның электрондық көшірмесі
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)