Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қызмет құны
Тегін беріледі
Қызмет көрсету мерзімі
15 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Сынақ объектісіне арналған паспорттың көшірмесі және/немесе мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Фирма каталогының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Өтініш беруші фирманың басшылығымен расталған, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиясына сынақтар объектілері нөмірлерінің тізбесі мен келісімшарт көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)