Үлескерлердің ақшасын тарту үшін рұқсат беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Жергілікті атқарушы органдар
Қызмет құны
Тегін беріледі
Қызмет көрсету мерзімі
8 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Үлескерлердің ақшасын тарту үшін рұқсат беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
- Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған актісінің электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебінің электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Инжинирингтік компаниямен шарттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)