Жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оған патрондарды сатып алуға рұқсат беру
Жеке тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қызмет құны
0.5 АЕК, 1846 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
30 күнтізбелік күн
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оған патрондарды сатып алуға рұқсат беру
Жүктелетін құжаттар
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
- Аңшы куәлігінің электрондық көшірмесі (аң аулау құқығына мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі бар) (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Көрсетілетін қызметті алушының эцқ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген, қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Нақты тұрғылықты жері бойынша қаруды сақтау шарттары болмаған жағдайда, қаруды орталықтандырылған сақтау пункттерінде сақтауға арналған шарттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесін. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынусыз алады (міндетті емес)
- № 602 бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық қаруды сатып алатын спортшы тұратын спорт федерацияларында немесе ұйымдарда спорттық қаруды ұстау нормаларын ескере отырып, қолда бар және қажетті қару мен оның патрондарының саны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (атыс спорт түрлері бойынша сабақтар үшін қаруды сатып алу кезінде) (міндетті емес)
- Спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының қолдаухатының электрондық көшірмесі (спорттың атыс түрлері бойынша сабақтарға арналған қаруды сатып алу кезінде) (міндетті емес)
- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атыспен байланысты спорт шеберіне кандидаттан төмен емес разрядты көрсете отырып, спортшыны тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық, өңірлік спорт федерациясында тіркеуден өткенін растайтын және спорттық атыспен тұрақты түрде айналысатын азамат мәртебесін растайтын (Атыс спорты түрлері бойынша сабақтар үшін қару сатып алған кезде) (міндетті емес)
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)