KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу

Қызметті алушылар
->

Заңды тұлға

Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қызмет құны

Тегін беріледі

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Сипаттамасы

Осы қызмет түрін электрондық түрде алу үшін elicense.kz порталы Сізді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бірыңғай терезе» (Е-терезе) ақпараттық жүйесіне бағыттайды. Көрсетілетін қызмет түрі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіру қажет.

МҚР сәйкес қызметтің атауы

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу

Нормативтік құқықтық актілер


Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер (міндетті түрде)
  2. Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін, тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері (міндетті түрде)
  3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері (міндетті түрде)
  4. Егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың көшірмесі (міндетті түрде)
  5. ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)