Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Барлық құрушылардың (ТАӘ және ЖСН) мәліметтерін көрсете отырып еркін нысанда өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Жарғының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Сабақтарды өткізуге арналған үй-жайдың бар болуын растайтын құжат көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Атыс дайындығы сабақтарын өткізуге арналған атыс тирінің бар болуын растайтын құжат: заңды тұлғалар үшін - меншік құқығында; филиалдар үшін - меншік құқығында не жалға алу келісімшарты (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызмет берушінің аумақтық бөлінісінің қызмет алушыны оқу бағдарламалары және оқу жоспарларымен көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар болуын растайтын тексеру актісі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру қабілеті бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар болуын растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту қабілеттері бар болуын растайтын құжаттар (еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелері) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызмет алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтау үшін арналған үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттар (не болмаса қаруды сақтауға шарт) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызмет алушының барлық құрушысына (қатысушысына) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)