Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Толтырылған мәліметтер нысаны бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушыны осы бөлімшенің басшысы бекіткен, оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың, теориялық сабақтар өткізуге арналған үй-жайлардың, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған спорт залының бар-жоғын растайтын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Тиісті теориялық, практикалық білімі және өзінің кәсіптік құзыреті саласында оқыту дағдылары бар және күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тартылатын оқытушылардың болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының электрондық көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)