Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)
  2. Банктің директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы)бекіткен кредиттік комитет туралы ереже (ішкі несиелік саясатты жүзеге асыратын орган туралы) (бар болса)
  3. Ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс
  4. Банктік және басқа қызметті жүзеге асыру ережесінің жобасы (PDF форматында құжаттың электронды көшірмесі түрінде)
  5. Ішкі аудиттің қызметі туралы ереже жобасы
  6. Ислам банкі жарғысы (PDF форматында құжаттың электронды көшірмесі түрінде)
  7. Ислам банкінің қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес туралы ереже (PDF форматында құжаттың электронды көшірмесі түрінде)
  8. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже (PDF форматында құжаттың электронды көшірмесі түрінде)
  9. Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ереже (PDF форматында құжаттың электронды көшірмесі түрінде)
  10. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  11. Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының есептік тіркелгенін растайтын құжат (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде)
  12. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға тиісті персонал жалдауды растайтын құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде)
  13. Банктер туралы заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыруды растайтын құжат (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде)