Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қызмет құны
40 АЕК, 157280 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
20 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
- Электрондық жарғы көшірмесі
- Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың электрондық көшірмесі (қарыз шарты, мүлікті сатып алу-сату шарты, кірістер туралы анықтама, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын басқа да құжаттар).
- Екінші деңгейдегі банктің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шетел валютасындағы банк шоты болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесін
- Екінші деңгейдегі банктің не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталына жарна ретіндегі ақшаның есепке жазылуын растайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген құжатының электрондық көшірмесін (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме)
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)