KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беру

Қызметті алушылар
->

Заңды тұлға

Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қызмет құны

10 АЕК, 39320 теңге

Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Нормативтік құқықтық актілер

Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет


Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  2. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат (тыңайтқыштардың жекелеген түрлері экспортталған жағдайда) (міндетті түрде)
  3. Тауарды өндірудің немесе иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (көмір өндіруші кәсіпорындар үшін-көмір өндіруге арналған келісімшарт және (немесе) лицензия; айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне өзге де қатысушылар үшін-көмір өндіруші кәсіпорындардан көмір сатып алуға және (немесе) жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) (көмірдің жекелеген түрлерін экспорттаған жағдайда) (міндетті түрде)
  4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)