Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Нысан бойынша соңғы жылдағы қаржылық-экономикалық жағдай туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Персоналдың бастапқы даярлығын және техникалық оқуын және біліктілігін арттыру курстарын өткізуді растайтын құжаттама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі бекітілген басшылық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Диспетчердің, оператордың ӘҚҚ персоналының жұмыс технологиясының (жұмыс нұсқаулықтарының) көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін анықтайтын құжаттар: ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтардың тізбесі; ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа) техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі); ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы ақпарат; ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу тексеру жүргізу туралы ақпарат; "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына ҰРТҚ және байланыс құралдарының сәйкестігі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар: ААБ қызметі персоналының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары және олардың жұмыс тәртібін айқындайтын рәсімдер; бастапқы аэронавигациялық ақпаратты берушілердің қолданыстағы тізбесі; бекітілген құрылым (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар: құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі; құзыреттілікке соңғы бағалау жүргізу бойынша анықтама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  11. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  12. Іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар: бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар; бекітілген жұмыс технологиясы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  13. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымды немесе сынақ зертханасын тануға өтінім (міндетті түрде) (Мәліметтер нысаны) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)