Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін

Заңды тұлғалар үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес

Жеке тұлғалар үшін
  1. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) (міндетті түрде)
  3. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

Жеке кәсіпкерлер үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес