Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін


Жеке тұлғалар үшін
  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі (міндетті түрде, біліктілік талапта)