Салық және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
Заңды тұлға
Жеке тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қызмет құны
Тегін беріледі
Қызмет көрсету мерзімі
Салықтарды және (немесе) төлем ақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, немесе оны өзгертуден бас тарту – көрсетілетін қызметті берумен өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей.
Бұл ретте, мүлікті кепілге қою шарты көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Салық және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
Жүктелетін құжаттар
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша болжамдалған кестемен қоса беріледі (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар, мынадай жағдайларда (міндетті түрде)
- Тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды (міндетті түрде)
- Салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы – салық төлеуші жасаған және мұндай тұлғаның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін жалпы кірісінде маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін кірісінің үлесі кемінде 50 пайызды құрайтынын растайтын құжат (міндетті түрде)
- Салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру – тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау фактісінің растамасы (міндетті түрде)
- Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі - тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кейін берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер (міндетті түрде)
- Кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі - банк кепілдігімен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша міндеттемені салықтық деттемені орындау мерзімін өзгерту үшін (міндетті түрде)
- Бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар - салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін (міндетті түрде)
Жеке тұлғалар үшін
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша болжамдалған кестемен қоса беріледі (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар, мынадай жағдайларда (міндетті түрде)
- Тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер (міндетті түрде)