Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Барлық құрушылардың (ТАӘ және ЖСН) мәліметтерін көрсете отырып еркін нысанда өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Қызмет берушінің аумақтық бөлінісінің қызмет алушыны оқу бағдарламалары және оқу жоспарларымен көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар болуын растайтын тексеру актісі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру қабілеті бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар болуын растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызмет алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызмет алушының барлық құрушысына (қатысушысына) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамалары (міндетті емес)