Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініштің электрондық құжаты (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Сәйкестік куәлігінің электрондық құжаты (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жағдайда ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акттің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Көрсетілетін қызметті алушы бекіткен көрсетілетін қызметті алушының модульдерінің (құрамбөліктерінің) өзара іс-қимылының схемасын және қолданылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңба үдерісін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректер (негізгі талаптар) мен жекелеген параметрлерге және ку әландырушы орталыққа қойылатын талаптар бар электрондық цифрлық қолтаңба схемаларының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Сериялық нөмірі, моделі, өндіруші туралы мәліметтерді қоса алғанда, негізгі және резервтік серверлердің, куәландырушы орталықтың негізгі криптографиялық кілттерін қорғаудың негізгі және резервтік аппараттық-бағдарламалық кешендерінің нақты орналасқан жері туралы электрондық түрдегі мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  6. Бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмелері: көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық қауіпсіздік саясатын; көрсетілетін қызметті алушы қызметінің регламентін немесе қағидаларын; тіркеу куәліктерін қолдану саясатын; куәландырушы орталық туралы ережені; штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының атынан көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық қамтылымын орнату және жөнге келтіру жөніндегі нұсқаулықты регламенттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелерін, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)