Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
Жеке тұлға
Мемлекеттік орган
Жергілікті атқарушы органдар
Қызмет құны
Тегін беріледі
Қызмет көрсету мерзімі
15 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
Жүктелетін құжаттар
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін). (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Жоғары кәсіби білім туралы диплом (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда тиісті құжаттардың көшірмелері). Құжаттың түпнұсқасының электронды көшірмесі немесе құжаттың нотариус растаған көшірмесі. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады: жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі; жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінділерінің электрондық көшірмесі; қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі. (міндетті түрде)