KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу

Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және тасымалдауға рұқсат беру

Қызметті алушылар
->

Заңды тұлға

Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қызмет құны

1 АЕК, 3692 теңге

Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

МҚР сәйкес қызметтің атауы

Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және тасымалдауға рұқсат беру

Жүктелетін құжаттар
Нормативтік құқықтық актілер

Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет


Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәліктің электрондық көшірмесі (күзеті қызметі субъектілері үшін) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  2. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  4. Лауазымға тұлғаны тағайындау туралы және түрін, тұрпатын, үлгісін, жүйесін, калибрін, нөмірін белгілеумен қызмет қаруын жеке бекіту туралы ұйым жетекшісі бұйрығының мәліметтері . (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесін. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынусыз алады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Көрсетілетін қызметті алушының эцқ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу (міндетті емес)(Мәліметтер нысаны)