Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қызмет құны
800 АЕК, 3460000 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
30 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде(Мәліметтер нысаны)
- Тұлғаның өтініш және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері
- Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі
- Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар
- Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысында белгіленген уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі
- Қызметкерлердің тегі, аты және бар болған кезде әкесінің аты көрсетілген штаттық кестенің электрондық көшірмесі
- Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
- Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы)
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі, лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, - Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгерген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады
- Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)(Мәліметтер нысаны)
- Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалардың электрондық көшірмесі