Есірткі дәрілердің айналымымен байланысты қызмет
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қызмет құны
20 АЕК, 86500 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
10 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі(Мәліметтер нысаны)
- Заңды тұлға үшiн – өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) электронды көшiрмесi (бұл мәліметтер ҚР ӘМ МДҚ алу арқылы шығарылады)
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
- Меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшартының электрондық көшірмесі
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үй-жайды жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты, жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банк мекемесінің мөрімен куәландырған кепілдік келісімшартының көшірмесі)