KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу

Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Қызметті алушылар
->

Заңды тұлға

Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қызмет құны

800 АЕК, 3460000 теңге

Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)

Қызмет көрсету мерзімі

30 жұмыс күні

МҚР сәйкес қызметтің атауы

Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру

Нормативтік құқықтық актілер

Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет


Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабының талаптарына сәйкес ислам банкінің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары
  2. Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісуге көзделген құжаттары
  3. Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде(Мәліметтер нысаны)
  4. Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат түрінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)
  5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі, лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, - Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгерген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады
  6. Көрсетілетін қызметті алушының нотариат куәландырған жарғысының көшірмесі
  7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы
  8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі
  9. Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалардың электрондық көшірмесі
  10. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысында белгіленген уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі
  11. Штаттық кестенің электрондық көшірмесі (қызметкерлердің тегі, аты және бар болған кезде әкесінің аты көрсетілген)
  12. Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
  13. Тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оларға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері