Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қызмет құны
800 АЕК, 3460000 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
30 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына банк операцияларды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамының (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш (Қазақстан Республикасының резиденті емес Банкі/филиалы үшін)(Мәліметтер нысаны)
- Қызметті алушының жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі (банк үшін)
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының резиденті емес Банкі/филиалы үшін)
- "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары
- Штат кестесінің электрондық көшірмесі (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып) (банк үшін)
- Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (банк үшін)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері, резидент емес банктер филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының таяудағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген (Қазақстан Республикасының резиденті емес Банкі/филиалы үшін)
- Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің басқару органы бекіткен Филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының резиденті емес филиалы үшін)
- Қазақстан Республикасының резидент емес Банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының резидент емес Банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы) (Қазақстан Республикасының резиденті емес филиалы үшін)
- Қазақстан Республикасының резиденті емес банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген (берген) банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының резиденті емес Банкінің лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі, – егер банктер туралы Заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының резидент емес банкі филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының резидент емес Банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгертілген немесе Қазақстан Республикасының резидент емес банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат)алған жағдайда ұсынылады (Қазақстан Республикасының резиденті емес филиалы үшін)