Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қызмет құны
400 АЕК, 1476800 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
20 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Қағидалардың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері
- Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері
- Жарғының электрондық көшірмесі
- Қажетті сомада жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаның шоттарында ақша қаражатының болуы, тәуелсіз бағалау актілері қоса берілген жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құжаттар, бар болған жағдайда бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қойған бухгалтерлік баланстың көшірмесі және басқалар)
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтердің, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі
- Лицензияның қолданылуын қайта бастау қажет болған кезде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асырғаны туралы белгі соғылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)