Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Жеке тұлғалар үшін


Жеке тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  • ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі(Мәліметтер нысаны)
  • Жоғары білімдері турлы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткеніне және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанына лицензия алғандығын білдіретін құжаттардың электрондық көшірмелері және (немесе) қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбір курсы бойынша сексен пайыздан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы немесе «Актуарий» мамандығының «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрінің дипломының электрондық көшірмесі
  • Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары үшін - осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі және актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарында мүшелігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
  • өтініш берушінің лицензия алуға қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса)
  • Қаржы ұйымдарында, уәкілетті органда актуарлық зерттеулер және (немесе) актуарлық есептер жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесі