Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  • Электрондық жарғы көшірмесі
  • ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi
  • Шетел валютасындағы банктік шоты бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктен анықтаманың электронды көшірмесі
  • Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталға жарна ретіндегі ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдірген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес берілген құжаттың электронды скөшірмесі (оның ішінде клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме)
  • Кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткенін растайтын екінші деңгейдегі банк анықтамасының электрондық көшірмесін не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде 6 (алты) ай еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін.
  • Уәкілетті ұйымның жарғы капиталындағы салымның пайда болу көзін ашатын құжаттың (қарыз шарты, мүлікті сатып алу туралы шарт, табыстар туралы анықтамаҚ электронды көшірмесі. Уәкілетті ұйымның жарғы капиталындағы салымның пайда болу көзін ашатын басқа да құжаттың электронды көшірмесін ұсыну қарастылырған