Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Шетел валютасындағы шоты бар болуы туралы анықтама
  • Жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі)
  • Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты (Мәліметтер нысаны)
  • Қолма –қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны алуға өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  • Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталға жарна ретіндегі ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдірген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес берілген құжаты (оның ішінде клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме)
  • Кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі