Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;(Мәліметтер нысаны)
  2. Өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген жабдыққа меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар нысан бойынша бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы туралы мәліметтер нысаны;(Мәліметтер нысаны)
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;(Мәліметтер нысаны)
  4. Ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;(Мәліметтер нысаны)
  5. Құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
  7. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер(Мәліметтер нысаны)