Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • «Егіншілік шаруашылығы туралы» Қазазқстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533-2 Заңының 5 бабы 3 тармағының талаптарын орындауды растайтын құжаттар
  • Сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының "Сақтандыру туралы" Заңымен белгіленсе, сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің төленетіндігіне кепілдік беретін ұйымның қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесі(Мәліметтер нысаны)
  • Сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының "Сақтандыру туралы" Заңымен немесе Қазақстан Республикасының міндетту сақтандыру туралы басқа заңнамалық актілерімен белгіленсе, сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің төленетіндігіне кепілдік беретін, сақтандыру ұйымының есеп-шотынан үзінді көшірме(Мәліметтер нысаны)
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін)(Мәліметтер нысаны)
  • 2007 жылғы 30 сәуірдегі №122 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне сәйкес өтініш
  • өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәлік
  • барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағанын куәландыратын құжаттар
  • лицензиялық алым төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі (бұл мәліметтер ҚР ӘМ МДҚ алу арқылы шығарылады)
  • "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 34 бабының талаптарымен сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылған тұлғалардың құжаттары
  • Ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс
  • Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелері
  • Көрсетілетін қызметті алушыны ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес өткізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп
  • Өтініш берушінің штатында актуарийдің бар болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжат
  • Ішкі аудит қызметі туралы ереже (ішкі аудит қызметі туралы ақпарат)
  • сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға қатысу шартының, егер сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе «Сақтандыру қызмті туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген болса, нотариат куәландырған көшiрмесiн
  • осы Заңның және міндетті сақтандыру түрлері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес деректер қорына қатысуды растайтын құжаттар