Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Мәлімдеушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшері төлемін растайтын құжаттар
  2. көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатындығы және заңды тұлғаны тіркеген орган туралы мәліметтерді көрсететін, көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті еместігін растайтын сауда-саттық тізілімінен немесе өзге де заңдастырылған құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен заңдастырылған үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі. резидент емес, тіркеу нөмірі, тіркеу күні және орны
  3. Құнды қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін болатын құрылымдық бөлімшелер туралы ереже
  4. Өтініш берер алдындағы соңғы тоқсан аяғына бухгалтерлік баланс
  5. Директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған электрондық құжат нысанындағы бизнес-жоспар (акционерлік қоғамнан басқа, өзге ұйымдық - құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бизнес - жоспары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің шешімімен бекітіледі)
  6. Өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебі
  7. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін)
  8. Штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын, атқаратын қызметтерін көрсете отырып)
  9. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті программалық-техникалық құралдарының және өзге жабдықтарының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (жабдықтарды жеткізу шарты; жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісі; лицензиялардың санын көрсете отырып, программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты; программалық қамтамасыз етуді қабылдау-тапсыру актісі; қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі құжаттар - ақпаратты резервілеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері) Ұсынылған құжаттарда келесі ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның болуы туралы ақпарат
  10. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардың электрондық көшірмелері;
  11. Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш(Мәліметтер нысаны)
  12. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін) және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін)
  13. "Электрондық үкімет" төлемдік шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі(Мәліметтер нысаны)