Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар
Жүктелетін құжаттар
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
- Нысан бойынша соңғы жылдағы қаржылық-экономикалық жағдай туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Персоналдың бастапқы даярлығын және техникалық оқуын және біліктілігін арттыру курстарын өткізуді растайтын құжаттама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі бекітілген басшылық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Диспетчердің, оператордың ӘҚҚ персоналының жұмыс технологиясының (жұмыс нұсқаулықтарының) көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін анықтайтын құжаттар: ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтардың тізбесі; ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа) техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі); ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы ақпарат; ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу тексеру жүргізу туралы ақпарат; "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына ҰРТҚ және байланыс құралдарының сәйкестігі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар: ААБ қызметі персоналының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары және олардың жұмыс тәртібін айқындайтын рәсімдер; бастапқы аэронавигациялық ақпаратты берушілердің қолданыстағы тізбесі; бекітілген құрылым (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттар: құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі; құзыреттілікке соңғы бағалау жүргізу бойынша анықтама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаты) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттар: бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар; бекітілген жұмыс технологиясы (міндетті түрде, біліктілік талапта)