Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың бірінші және соңғы беттерінің электрондық көшірмелері және олардың тізбесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қауымдастық өкілдіктерінің қызметкерлерінде аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумға оқыту, қорықшылық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  • Қауымдастық өкілдіктерінің қызметкерлерінде: аңшылық минимум бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін қызметті алушының жарғысында көзделген әуесқой балық аулаушылардың және қауымдастық құрамындағы спорттық балық аулаудың қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде)
  • Қол қойылған және қауымдастық мөрімен расталған қауымдастық мүшелерінің тізімі (міндетті түрде)
  • Веб-сайтты және Веб-сайттың бірінші бетін пайдалануға беру актісінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы арнайы әдебиеттер тізбесінің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдар мен құралдардың электрондық көшірмесі және олардың бірінші және соңғы бетінің көшірмелері (міндетті түрде)
  • Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, жоғары немесе орта білімі бар қызметкерлер дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері және олардың тізбесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)