Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту
Заңды тұлға
Жеке тұлға
Жеке кәсіпкер
Тегін беріледі
Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).
Анықтаманы ұзарту – 3 жұмыс күні ішінде.
Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні ішінде.
Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 жұмыс күні ішінде.
Осы көрсетілетін қызмет түрі
бойынша өтініш мемлекеттік органға қағаз нұсқада беріледі және Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік
жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ШЖК ААЖ) өңделеді. Көрсетілетін
қызмет түрі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға
өтініш білдіру қажет.
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) (міндетті түрде)
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)