Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы қорларын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешім (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхат пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері жоқтығын растайтын құжаттар және бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттарға ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қояды (міндетті түрде, біліктілік талапта)