Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Құрылтай құжаттарының көшірмелері (түпұсқаларды сәйкестендіруге ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған), өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сонымен қатар ірі қатысушылардың ірі қатысушылары туралы қысқа мәлімет (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын, міндеттемелер ескеріле отырып, қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес әрбір жасалған өтініш берушінің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымдарының, олардың өтініш беруші ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) болуға ниет білдірсе болып табылады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Уәкілетті органның нормативті құқықтық актісімен бекіткен нысанға сәйкес өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш берушінің меңгеруші қызметкері туралы қысқа мәлімет (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  9. Қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттың көшірмелерін (міндетті емес, біліктілік талапта)
  11. Аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  12. Қаржы ұйымының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда) (міндетті түрде)
  13. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

Жеке тұлғалар үшін
  1. Өзі ipi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын, міндеттемелер ескеріле отырып, қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес әрбір жасалған өтініш берушінің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымдарының, олардың өтініш беруші ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) болуға ниет білдірсе болып табылады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты ұсынады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші - жеке тұлға, өтініш берушінің басшы қызметкері - заңды тұлға туралы қысқа дерек (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  7. Акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Сыйға тартушы туралы және сйыға тартушыдағы мүліктің шыққан көзі туралы мәлімет (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. Қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттың көшірмелерін (міндетті емес, біліктілік талапта)
  11. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)