Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актісінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  2. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды біргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығының 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық көшірмесі (міндетті түрде)
  3. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)