Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған стандарттау бойынша нормативтік құжаттар, фирманың каталогы, қару паспортының түпнұсқасы және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы қару (бұйым) нөмірлерінің тізбесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде: өзін-өзі қорғау және белгі беру қаруы – әр модельден немесе модификациядан кемінде 20 дана патронымен (газды қару үшін қосымша кемінде 15 дана бос патрон ұсынылады) 3 дана; қызметтік, спорттық және аңшылық қару – әр модельден немесе модификациядан кемінде 30 дана патронымен (снарядымен) 2 дана; конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйым – әр модельден немесе модификациядан 4 дана; қызметтік және азаматтық қаруға патрондар – әзірлеуші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде 20 дана (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • суық және лақтыратын қаруды, сондай-ақ сыртқы құрылысы бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарды (Қазақстан Республикасының аумағына қарудың жеке (коллекциялық және эксклюзивті) данасы әкелінген жағдайдан басқа) сынау кезінде: сұқпалы суық және лақтыратын қару болып табылатын заттар – әр модельден немесе модификациядан 3 дана; сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар арнайы құралдар – әр модельден немесе модификациядан 4 дана; сыртқы құрылысы бойынша сұқпалы суық және лақтыратын қаруға ұқсастығы бар шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы өнімдер – әр модельден немесе модификациядан 2 дана; арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификациядан 15 бірлік ұсынылады (міндетті түрде, біліктілік талапта)