Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Аудиторлық ұйым растаған, сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күнi жасалған қаржылық есеп (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелiн қабылдау-өткiзу актiсi (осындай табыстау бар болса) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша мiндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз қызметiн тоқтатуға дайындықтың мерзiмдерi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар (жоспар және кесте) тiзбесi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Тарату комиссиясының, оның iшiнде филиалдарында не өкiлдiктерiнде құрылатын бөлiмшелерiндегi мүшелiкке кандидаттардың тiзiмi (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттемелерiнің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күнi жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тiзiмi (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)


Жеке тұлғалар үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жеке кәсіпкерлер үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жүктелетін құжаттар