Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын, міндеттемелер ескеріле отырып, қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес әрбір жасалған өтініш берушінің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымдарының, олардың өтініш беруші ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) болуға ниет білдірсе болып табылады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  7. Өтініш берушінің тиісті органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған жағдайда) көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері (міндетті түрде)
  11. Аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілік, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілік. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  12. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

Жеке тұлғалар үшін
  1. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын, міндеттемелер ескеріле отырып, қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес әрбір жасалған өтініш берушінің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымдарының, олардың өтініш беруші ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) болуға ниет білдірсе болып табылады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасы. Бөлім 5.0 ЗТ өтініш беру кезіндегі тіркеме құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)