Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысымен бекітілген) 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда); бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  5. бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Иеленген еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылындағы, аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында есептілік болмаған жағдайда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  7. Өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы, электрондық құжат нысанындағы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  8. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. Егер құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі осы ұйымдардың капиталында қомақты үлесті иеленсе, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға өтінішпен бірге «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заңы) 26-бабының, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының талаптарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға құжаттар ұсынылады (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  11. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)