Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Банктің (банк холдингінің) жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi (міндетті түрде)
  2. Банкті (банк холдингін) қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар (міндетті түрде)
  3. Банктің (банк холдингінің) ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкті (банк холдингін) қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы (міндетті түрде)
  4. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі (міндетті түрде)
  5. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (міндетті түрде)
  6. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған соң кейінгі үш жылға бизнес-жоспары (міндетті түрде)
  7. Көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  8. Қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған қосу туралы шарттың электрондық көшірмесі (қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі) (міндетті емес, біліктілік талапта)