Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала ақы төлеу мөлшері туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды сатып алу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымдарының болуын болжау нәтижесіндегі пруденциалдық нормативтердің, сондай-ақ уәкілетті орган құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып белгілеген банк және (немесе) банк холдингі сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің есебін қоса береді (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Банкте банк холдингі болмаған жағдайда: осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға; егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жеке тұлғалар үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жеке кәсіпкерлер үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жүктелетін құжаттар