Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Өтініш берушінің тиісті органының қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) тікелей немесе жанама иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер және растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарлары (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  11. Таяу бес жылға арналған бизнес-жоспар, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді (міндетті емес, біліктілік талапта)
  12. Банк акцияларын сыйға тарту немесе банк акцияларын сенімгерлік басқару шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  13. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

Жеке тұлғалар үшін
  1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты ұсынады. Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  4. Акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарлары (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Таяу бес жылға арналған бизнес-жоспар, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. Банк акцияларын сыйға тарту немесе банк акцияларын сенімгерлік басқару шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  10. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)