Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімнің көшірмесі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Заңды тұлғаның акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін, сондай-ақ осы заңды тұлғаның шешімін шарт күшінде не өзге тәсілмен анықтауға мүмкіндігі бар немесе бақылауы бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер және растайтын құжаттар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • оған көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкілі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Алдағы 5 (бес) жылға бизнес-жоспар (міндетті түрде)
  • Тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесі (міндетті түрде)
  • Заңды тұлғаның 10 (он) немесе одан көп пайызына (жарғылық капиталында қатысу үлестерін) иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға мүмкіндігі бар немесе бақылауы бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер және растайтын құжаттар (міндетті түрде)
  • Қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жыл бойынша жылдық қаржылық есептілік, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында соңғы аяқталған тоқсан бойынша қаржылық есептілік (міндетті түрде)
  • «Электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда, банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін терім төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жеке тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпарат (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • оған көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкілі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар  және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (міндетті түрде)
  • Алдағы 5 (бес) жылға бизнес-жоспар (міндетті түрде)
  • Әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары (міндетті түрде)
  • Растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының мәні болып табылатын акциялар құны туралы мәліметтер (міндетті түрде)
  • «Электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда, банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін терім төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жүктелетін құжаттар