Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Осындай қаржы ұйымы, холдинг атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымдарда жұмыс істеген жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг – акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушіге, холдингтің үміткерді қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, үміткерді (екі және одан көп үміткер келісілгенде – әр үміткерге шешімнің көшірмесінен бір данадан) тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін ұсынуға тиіс. Егер тағайындау күні көрсетілмесе, онда үміткерді тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушінің, холдингтің шешім қабылдау күні не шешімде көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады. Осы жағдайда қаржы ұйымы, холдинг шешімде көрсетілген оқиғаның басталуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Ұсынылған тұлғалар экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежелері бар болса, олардың ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Үміткер ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған адамның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ үміткердің кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының 5-тармағында көрсетілген үміткерге кем дегенде екі тұлғадан берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні қолдаухат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымында қажетті рейтингінің болуын растайтын мәліметтер (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Кандидат туралы мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Еркін нысанда жазылған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған қолдаухат (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысының лауазымына үміткердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тұрақты тұратын елінің) не үміткер соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жеке тұлғалар үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жеке кәсіпкерлер үшін
Рұқсатнама алу үшін қосымша құжаттар қажет емес


Жүктелетін құжаттар