Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалардың және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі 11-тармағына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтініш (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзхінді-көшірмесінің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшелігіне кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі (кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат беру күніне дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (көрсетілген құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Бұл құжатты азаматы болып табылатын елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап жіберу арқылы ұсына алады (міндетті түрде)
  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)


Жүктелетін құжаттар