Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Кандидат туралы мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – мүшелік билеттің (кітапшаның) көшірмесі немесе бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының осы ұйымда мүшелігін растайтын анықтама (міндетті түрде)
  • Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін терім төлемін растайтын құжаттың көшірмесі, «электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы төлемдерді қоспағанда (міндетті түрде)
  • Банктің өзге басшы қызметкері ретінде кандидат банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие болатын құжат (мысалы, сенімхат, бұйрық) (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жүктелетін құжаттар