Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы өтініш (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • мынадай ақпаратты көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру туралы Қазақстан Республикасы резидент ұйымының органы шешімінің көшірмесі: Қазақстан Республикасы резидент ұйымының толық атауы; эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атаулары көрсетіле отырып, заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару жүзеге асырылатын мемлекеттің атауы; аумағында Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы; шығарылатын және (немесе) орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің немесе кепілдіктің болуы және түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы (қолданылатын болса) мен халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (бар болса); шығарылымның болжамды көлемі және валютасы; осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар; осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және сыйақы төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының маңызды талаптарына қатысты мәліметтер; шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі сияқты орналастыру талаптарымен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы облигацияларды сатып алуға ұсыныс беру; базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын акцияларды немесе туынды бағалы қағаздарды осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызын Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсыныс беру; борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында уәкілетті орган төлемге қабілетсіз банкті реттеу шараларын қолданған жағдайда борыштық бағалы қағаздар мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса); борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында төлемге қабілетсіз банкке реттеу шаралары қолданылған жағдайда борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы жоқ екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса) (міндетті түрде)
  • қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларында (санаттарында) болуын растайтын құжаты: уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы - «Негізгі» алаңының «борыштық бағалы қағаздар» секторының «облигациялар» санатында не «Баламалы» алаңының «борыштық бағалы қағаздар» секторының «облигациялар» санатында; уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы - «Негізгі» алаңының «акциялар» секторының «премиум» санатына не «Негізгі» алаңының «акциялар» секторының «стандарт» санатына не «Баламалы» алаңының «акциялар» секторында; не қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығару жоспарланып отырған бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларына (санаттарына): облигациялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңының «борыштық бағалы қағаздар» секторының «облигациялар» санатына; акциялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңының «акциялар» секторының «премиум» санатына не «Негізгі» алаңының «акциялар» секторының «стандарт» санатына не «Баламалы» алаңының «акциялар» секторына енгізуге келісімін растайтын құжаты. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде уәкілетті органға туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы туралы орталық депозитарийдегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың жеке шотынан орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесін ұсынады. (міндетті түрде)


Жүктелетін құжаттар