Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды: 1) көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы; 2) жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстарын түрлері; 3) ұшу жұмысын ұйымдастыру; 4) ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі; 5) ұшуларды қамтамасыз ету; 6) ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы; 7) техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы; 8) әуе кемелерінің даярлығы; 9) авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары; 10) түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі; 11) авиациялық персонал; 12) ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету; 13) жұмыс түрлері көрсете отырып, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Ұйымдастыру құрылымы, басқару құрылымы және лауазымдары, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар тізімі. (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар: -ұшу қызметі; -ұшу қауіпсіздігі бойынша қызметі; -ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызметі; -сапаны бақылау бойынша; -авиациялық қауіпсіздік бойынша; -персоналды даярлау бойынша; -жер үсті қамтамасыз ету бойынша; -бортсеріктер қызметі (бар болса). (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасының көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша шарттардың көшірмелері. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Пайдаланушының бірінші басшысының қолы қойылған, қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушының нұқсаулығы ережелеріне сәйкестігі туралы декларацияның көшірмесі және осы сәйкестікті тұрақты қолдау міндеттілігі. (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Төлемді ЭҮТШ арқылы жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін осындай төлемді растайтын құжаттың көшірмесі; (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Бекіту мен келісудің титул парақтарының көшірмелері: ұшуды жүргізу бойынша нұсқау; сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау; техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы; әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент); пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы; (міндетті түрде, біліктілік талапта)


Жүктелетін құжаттар