Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiш (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  2. Өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариальды расталған көшiрмесi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Өтiнiш берушi мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елiнiң мемлекеттiк органы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариальды расталған көшiрмесi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтары көрсетiлген, транзитке жататын, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар (табиғи және құндық тұрғысында) бар өнiмдердiң атауы мен көлемi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Өтiнiш берушiнiң тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес транзиттi жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн авариялардан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi ұсыну (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  6. Кұрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi пайдаланудың нақты мақсаты туралы соңғы жүк алушының өтiнiшi қоса берiлетiн Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жеткiзуге арналған келiсiм-шарттың нотариальды расталған көшiрмесi (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  7. Төтенше жағдайларда мәлiмделген транзиттiк тасымалды жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн аварияның салдарын жоюдың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң дайындығы туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жүктi жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелер туралы жүктi жiберушiнiң растамасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  9. Тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң pacтамасы (міндетті түрде, біліктілік талапта)