Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін
Жүктелетін құжаттар


Заңды тұлғалар үшін
  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  • Мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген, қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Жарыстар немесе жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  • Қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуіне тексеруден өткені туралы анықтама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  • Қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхатының электрондық көшірмесі (міндетті емес)
  • Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны (міндетті емес)(Мәліметтер нысаны)


Жүктелетін құжаттар